Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы өзара сауда осы жылдың 5 айында 10 млрд долларға жетті. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш шамамен 5%-ке артқан. Бұл туралы еліміздің Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның келтірген деректеріне сәйкес осы кезеңде одақ елдеріне біздің жеткізілімдер саны керісінше төмендеп, ақшалай бірлікте 3 млрд долларға жуықтады. Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, сатылымның төмендеуі темір кендері мен концентраттар, еш қоспасыз шойын болаттан жасалған жалпақ прокат және басқа материалдар сияқты тауарлар жеткізілімінің төмендеуімен байланысты. ЕАЭО елдеріне шикізаттық емес тауарлар экспорты, керісінше, тұрақты өсім көрсетіп отыр, дейді сарапшылар.
Әлішер Өмірзақ, ҚР сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі:
– Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шикізаттық емес тауарлармен өзара саудасы 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында 8 миллиард долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ке жоғары. Сондай-ақ, экспорт 13%-ке өсіп, 2 миллиард долларды құрады. Экспорттың өсуі алюминий оксидтері мен гидроксидтері, өңделмеген мырыш, уран, сондай-ақ, өзге де тауарларды жеткізудің артуымен негізделеді.