Қазақстанда Теміржол көлігімен тасымал көлемі артты

Қазақстанда Теміржол көлігімен тасымал көлемі артты

Қазақстанда теміржол көлігімен тасымал көлемі артты. Атап айтқанда, жолаушы тасымалы бір жылда 37  процентке өскен. Ал жалпы жолаушылар ағыны бес жарым миллион адамнан асқан. Саладағы компаниялардың кірістері үстіміздегі жылдың 4 айында 15 процентке ұлғайып, 400 миллиард теңгеден жығылған. Табыстың басым бөлігі жүк тасымалынан түскен. Қазақстанның теміржол компаниялары үстіміздегі жылдың қаңтар айынан сәуір айына дейінгі аралықта 140 миллион тоннадан аса жүк тасымалдаған. Бұл саладағы ең жоғары көрсеткіштер еліміздің Қарағанды, Ақтөбе облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.