Қазақстан мен Чехия ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Чехия ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Чехия арасындағы тауарайналым былтыр 600 млн долардан асты. Бұл ретте отандық мұнай өнімдері экспортының үлесі басым. Еуропалық ел бізден бір млн тоннадан астам қара алтын импортаған. Қазақстан Чехияға мұнай жеткізушілердің бестігіне кіретіндігін айта кету керек. Бұл туралы экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Чехия үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысында айтылды. Тараптар өзара алыс-беріс аясын кеңейтуге болатын бірқатар бағыт бойынша әріптестік құрудың тиімді жолдарын қарады. Әсіресе, энергетика, пайдалы қазбалар мен машина жасау, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларының әлеуеті зор. Қос мемлекет нанотехнологиялар, фармацевтика мен авиацияны бірлесіп дамытуға да мүдделік танытып отыр.

Олжас Сапарбеков, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

- Қазір ұшақтарға сервистік қызмет көрсету мәселесін пысықтап жатырмыз. Сонымен қатар, Семей қаласындағы зауыттың базасында қолданыстағы өндірісті оқшаулау және кеңейту үшін чех компаниялары мен сала мамандарын тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, елімізде «Шкода» автомобильдерін шығару бойынша ынтымақтастық бар. Бизнес арасында да әріптестік аясын кеңейту көзделіп отыр. Нәтижесінде елімізге үздік технологиялар ендіріледі.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?