Қазақстан мен Беларусь стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Беларусь стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Президенті Беларусь Премьер-министрін қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Турчин Ақордада өткен кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіп кооперациясы және мәдени-гуманитарлық ықпалдастық әлеуетін талқылады. Мемлекет басшысының пікірінше, оның Астанаға жасаған алғашқы ресми сапары қос ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің айрықша сипатын растайды, сондай-ақ екіжақты ықпалдастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін көрсетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


- Сіздің сапарыңыз мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан өте маңызды деп санаймыз. Елдеріміздің сауда байланыстары миллиард долларға жуықтап, табысты дамып келеді. Менің білуімше, Қазақстан – Беларусьтің екінші сауда серіктесі. Жалпы, Сіздің еліңіз бен халқыңыздың төл мәдениетіне ерекше құрметпен қараймыз. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Президент Александр Лукашенкоға сәлемімді жолдағым келеді. Табысты ықпалдастығымызды нақты нәтижелермен жалғастыруға бейілміз.

Өз кезегінде Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин өзара тиімді диалогтың жоғары қарқынын сақтауға және мемлекеттер басшылары алға қойған міндеттерді нақты іске асыруды үйлестіруге мүдделі екенін жеткізді.

Александр Турчин, Беларусь Премьер-Министрі:

- Сізге Президент Александр Григорьевич Лукашенконың ыстық ықыласын жеткізгім келеді. Күні кеше біз кеңінен әңгімелестік, оған Қазақстанға сапарымның бағдарламасы жөнінде жан-жақты ақпарат бердім. Қазақстанның даму жолын жіті бақылап отырамыз. Ұзақ жылдардан бері еліңіздің экономикалық өсімі тұрақты көрсеткішке ие. Сондықтан қазіргі табыстарыңызға шынайы қуанамыз. Өзіңіз атап өткендей, екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп келеді.

Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналым айтарлықтай артып келеді. Тек биыл 8 айдың ішінде өзара сауда көлемі былтырғымен салыстырғанда 20% артқан. Өнеркәсіп кооперациясы аясында құны 204 млн доллар болатын 12 жоба жүзеге асты. Тағы 3 жоба пысықталып жатыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?