Қазақстан мен Моңғолия өзара ынтымақтастық аясын кеңейтуде

Қазақстан мен Моңғолия өзара ынтымақтастық аясын кеңейтуде

Қазақстанның Моңғолиямен сауда-экономикалық ынтымақтастығы оң серпін көрсетіп отыр. Бұған дейін елдер арасындағы жыл сайынғы тауар айналымы 124 млн долларды құраса, биылдың жарты жылдығында ол 74 млн долларға жетті. Бұл тың көрсеткіш өзара алыс-берістің көкжиегі кеңейгенін көрсетеді. Бұл ретте Қазақстанның аталған елге экспорты 71 млн доллар шамасында болды. Жеткізілімдердің негізі қайта өңделген және ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесінде. Бұл туралы Қазақстан-Моңғолия іскерлік кеңесінің 2-ші отырысында айтылды. Біздің тарапымыздан шараға 50 жуық компания өкілдері қатысты. Сарапшылардың пайымынша, металлургия, логистика және туризм салаларында ынтымақтастық әлеуеті зор. Отырыс қорытындысы бойынша тараптар үш меморандумға қол қойды.

Мұрат Карымсақов, Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы:

- Агроөндірістік кешен, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және жасыл энергетика сынды жаңа бағыттар бойынша өзара әріптестік орнату әлеуеті зор. Туризмді дамыту үшін де мүмкіндіктер бар. Бұл Қазақстан мен Моңғолия үшін де қызықты. Әрине, IT-сауда және цифрландыру сияқты салалар да үлккен әлеуетке ие.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?