Қ.Тоқаев Грузия Президентімен кездесу өткізді

Қ.Тоқаев Грузия Президентімен кездесу өткізді

Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Президенті Михаил Кавелашвилимен кездесу өткізді. Тараптар қазақ-грузин қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму әлеуетін қарастырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтіп, өзара ықпалдастыққа тың серпін беруге дайын екенін растады. Президенттер сауда-экономикалық байланыстарды арттыру қажеттігін айтты. Кездесуде бірлескен инфрақұрылымдық және екі елдің көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдалану мәселелері пысықталды. Әңгімелесу барысында тараптар жаһандық және өңірлік күн тәртібі жөнінде де пікір алмасты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?