Тәжікстанның еркін экономикалық аймағында жаңа кәсіпорындар іске қосылды

Тәжікстанның еркін экономикалық аймағында жаңа кәсіпорындар іске қосылды

Тәжікстандағы «Сугд» еркін экономикалық аймағында жаңа кәсіпорындар іске қосылды. 4 арнайы өндірістік кеңістіктің біріне инвесторларды тарту үшін бірқатар салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсынылады. Қазір бұл алаңда түрлі бағытта 40 астам өндіріс ошағы жұмыс істейді. Олардың қатарында құрылыс материалдарын шығаратын зауыт бар.


Ильхом Мухаммедов, Менеджер:


- Ғимараттардың қасбетіне арналған панельдердің сан-түрін жасаймыз. Олардың құрылымы тас болып көрінгенімен, өте жеңіл әрі құрастыруға өте ыңғайлы.


Мына кәсіпорында пластик және алюминийден жасалатын құрылысқа қажетті материалдардың өндірісі жолға қойылады. Зауыт мамандары өнімнің импортты алмастыру үшін бәсекеге қабілетті болатынына сенімді. Өндіріс ошағы ішкі нарықты қамтып қана қоймай, экспортқа шығуды да көздеп отыр.


Мухсин Абдусатторзода, Кәсіпорын маманы:


- Зауыт дайын пластик және алюминий өнімдерін еуропалық стандарттардың талаптарына сәйкес шығарады. Қазірдің өзінде жыл сайын 6 мың тоннаға дейін пластик өнім жасауға қауқарлы. Бұл өндірістік қуатты 3 жылдан кейін 8 мың тоннаға дейін арттырамыз деп отырмыз.


Айта кетейік, еркін экономикалық аймақ кәсіпорындары шығаратын өнімдер негізінен Орталық Азия, Ресей, Қытай мен Ауғанстан елдеріне жеткізіледі.


Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?