ҚР Президенті Жолдауында су саласын дамыту мәселесі көтерілді

Қазақстанның су ресурстарының қорын ұлғайту, ирригациялық жүйелердегі шығынды қысқарту, тіршілік көзін одан әрі пайдалану үшін тасқын суларды шоғырландыру. Бұл міндеттер елімізде бекітілген су саласын дамытудың кешенді жоспары шеңберінде шешіледі. Ол 2028 жылдың соңына дейін есептелген және 5 мыңнан астам іс-шарадан тұрады, оның бірі – ирригациялық жүйелерді ұйымдастыру. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы өз Жолдауында Үкіметке су үнемдеу технологиясын енгізіп, гидрологиялық бекеттерді жаңғыртуды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев ирригация, су қоры және пайдалану жүйелері инвестициялар үшін тартымды салаға айналуы мүмкін екенін ерекше атап өтті.

Болат Бекнияз, ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі:

– Бұл жоспар 42 жаңа су қоймасын салуды, 34 гидротехникалық құрылысты қайта жаңартуды көздейді. Сондай-ақ шамамен 14 жарым мың шақырым ирригациялық жүйені салу және жаңғыртуды қамтиды.  Бүгінгі таңда Ислам даму банкімен осы жобаларды қаржыландыру жөніндегі келіссөздер аяқталуда. Сондай-ақ, су үнемдеу технологияларын қолдану алаңын жыл сайын 150 мың гектарға дейін ұлғайту міндеті тұр. Әрбір облысқа тиісті индикаторлар берілді.

Оның үстіне шаруаларға алдыңғы қатарлы су үнемдеу жүйелерін қолдану мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ олар суармалы алқаптарға орнатылады. Осы мақсатта субсидия көлемі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне инфрақұрылымды жүргізу кезінде ұңғымаларды бұрғылауға жұмсалатын шығындар 80%-ға дейін өтеледі. Бұдан бөлек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2027 жылға дейінгі тіршілік көзін үнемдеу бойынша Жол картасы бекітілді.

Болат Бекнияз, ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі: 

– Аталған жол картасын жүзеге асыру су шығынын азайтуға және қолда бар тіршілік көзінің қорын молайтуға, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстардың жағдайын жақсартуға серпін береді. Біз су саласының тарифін қалыптастратын жаңа ережелер әзірлейміз. Оған сәйкес сараланған тарифтер енгізу бойынша, дақылдардың түрлеріне, тұтыну көлеміне және су үнемдеу технологияларының немесе суды есептеу құрылғыларының болуына немесе болмауына байланысты жұмыстар жүргізілетін болады.