Отандық өнімдер Қытай нарығында әлемдегі жетекші электронды коммерция платформаларының бірі Alibaba сауда алаңы арқылы саудаланатын болады. Еліміздің Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, бұл бағыттағы жұмыстар «Қытайға экспорт» жаңа бірлескен жобасы аясында іске асырылмақ. Осылайша, бірінші кезеңде оралған ұн мен өсімдік майы, кейіннен қазақстандық өндірістің басқа да тауарлары сатылады.