Бұл туралы қаржы вице-министрі мәлімдеді. Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, ведомство «Нұр жолы» өткізу пунктінде жүктерді ауыстырып тиеу мәселесін шешкен. Ал процедураны жеделдету үшін жуырда электрондық кезек пайда болмақ. Республиканың Қаржы министрлігінің мәліметінше, бүгінде бес автожол өткізу пунктінің төртеуі ашық. Тек «Қалжат» бекеті ғана Қытайдағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты әлі жабық. Тараптар оның қызметін қайта бастайтын нақты мерзімін келісіп жатыр.