Қазақстан Пәкістанға тауар экспортын 412 миллионға жуық долларға ұлғайтуы мүмкін

Қазақстан Пәкістанға экспорт көлемін арттыруға дайын. Отандық кәсіпкерлер жеткізілім көлемін бірден 800 өндірістік тауарға көбейтуді көздеп отыр. Атап айтқанда, қазақстандық бизнес астық және бұршақ, өсімдік майын, макарон, ұн және кондитер өнімдерін жөнелтуге мүдделі. Олардың жалпы құны шамамен 412 миллион долларға бағаланады. Бүгінгі таңда республика Пәкістанға жайпақ прокаттар, қара металл сынықтарын, минералды тыңайтқыштарды, көкөністерді, жармаларды экспорттайды. Айта кетейік, қос тараптың арасындағы ынтымақтастықтың келешегі зор. Бұны жер қойнауын пайдалану саласынан да, агроөнеркәсіп кешенінен де, жеңіл өнеркәсіптен де, көлік пен логистикадан да байқауға болады. Соңғысы серіктестікті жандандыруда шешуші рөл атқаратынын айта кеткен жөн. Оңтүстік Азия нарығына қазақстандық өнімдердің экспортын ілгерілетуде Пәкістан порттары үлкен қызығушылық танытып отыр. Бұл отандық тауар өндірушілерге оңтүстік теңіз порттарына барынша қысқа жолмен қатынауды қамтамасыз етеді.