Қазақстан көршілес Өзбекстан еліне өңделген өнім экспортын арттыруда. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 41%-тен астамға өсіп, жарты миллиард АҚШ долларын құрады. Өзбекстаннан өңделген тауарлар импорты, керісінше, 18,2%-ке төмендеді. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері екі елдің шикізат және өңделген тауарларының жалпы айналымы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27,2 процентке артқан.