Инвестициялау туралы ойлайтын кез келген адам өз шешімін мұқият ақылға салуы керек. Сондай-ақ қалтаңызда қанша ақша бар екені маңызды емес. «Табыстың басты құпиясы – жоспарлау мен нақты мақсатқа жету», – дейді қаржыгерлер. Бүгінгі таңда қазақстандықтар арасында инвестиция тақырыбы өзекті бола бастады. Бұл факт KASE есептеулерімен де расталады. Тек шілде айының соңында бағалы қағаздарға инвестициялау үшін 180 мың жеке тұлға есепшот ашқан екен. Бұл жыл басындағы көрсеткіштен 50 мыңға көп.
Наталья Хорошевская, KASE басқарма төрағасының орынбасары:
- Биржа өкілдерінің бұл динамикасы – айтарлықтай жақсы көрсеткіш. Бұл, біздің ойымызша, ең алдымен 2 фактормен байланысты. Біріншіден, жеке тұлғалардың қаржылық сауаттылығының өсуі. Сондай-ақ соңғы бір жарым жылда брокерлік қызметтерді цифрландырудың өте жоғары қарқынын көрдік. Яғни брокерлік ұйымдардың мобильді қосымшаларды жасауы, клиенттерді қашықтан сәйкестендіру, шоттарды онлайн ашу мүмкіндігінің пайда болуы.
Осыған қарамастан, жергілікті қор нарығында инвестициялау құралдарының тізімі шектеулі болып қалады, ал кейбіреуі мүлде жоқ. Сондықтан қазақстандықтар шетелдік сайттарға кіруге мәжбүр. Сонымен қатар сирек жағдайларда отандық компаниялар IPO-ға жүгініп жатады. Бірақ олардың халықтық IPO-ға қатысуы қаржылық жағдайына да, бөлшек инвесторларға да жақсы әсер етуі мүмкін болар еді.
Арман Батаев, қаржы сарапшысы:
- Нарықта жеке ойыншылар көп болған кезде, яғни акционерлер, ол әрқашан жұмысты нәтижелі әрі табысты болуына ұмтылады. Сонымен бірге компанияның капиталдануының өсетініне көз жеткізеді. Жекеменшік, әрине, жақсы. Мемлекеттік меншікке қарағанда әлдеқайда тиімді. Егер бұл жеке қолда болса, онда барлық адам да, жұмысшы да, меншік иесі де, жоғары басшылық та жақсы нәтижеге жетуге үлкен қызығушылықпен қарайды.
Арман Батаевтың айтуынша, қазақстандық компаниялардың көпшілігінің қор биржаларына шығу мүмкіндігі бар. Алайда оны қолданатындар аз. Себебі IPO талап ететін қоғамдық мәртебе топ-менеджментке пайдалы емес.
Арман Батаев, қаржы сарапшысы:
- Әдетте шетелде классикалық түрде нарыққа шығарылатын акцияларды нөлдік құнмен немесе төмен бағамен үлкен жеңілдікпен алуға мүмкіндік бар. Топ-менеджмент әрқашан компанияның IPO-ға шығуына қызығушылық танытады. Сондықтан ол осы опциондардың, акциялардың өсуін қамтамасыз етуі мүмкін. Өкінішке қарай, бұл түзетулер біздің елде енгізілмеді.
Тәжірибелі ойыншылар уақытты босқа өткізбеуді шешкен қазақстандықтарға бүгінде нарықтағы жағдай қолайлы екендігін айтып, салым салуға кеңес береді. Сонымен қатар тәжірибесі мол инвесторлар бір компанияға емес, бірлескен қаржылық ұйымдарға, оның өзінде қолда бар капиталдың 20% аспайтын көлемде инвестиция салуды ұсынады.