Онлайн сауда мен қызметтерді қолдану артып келеді

Қазақстандықтар киім, аяқкиім және спорт тауарларын интернет-дүкен арқылы көп сатып алады. Бүгінде ғаламтор желісі арқылы онайн сауда жасаушылардың үлесі шамамен 63% құрайды. Одан кейін тамақ, тұрмыстық заттар мен дәрі-дәрмектер сатып алынады. Қазақстандықтар арасында онлайн сатып алудың 30% ТМД елдеріне тиесілі екенін атап өткен жөн. Мұндай деректерді Finprom.kz келтіріп отыр.

Сарапшылар жалпы электрондық сауданың соңғы бір жыл ішінде бірден 57% өскенін айтып отыр. Бұл логикалық тұрғыдан дұрыс. Өйткені өз денсаулығына алаңдайтын адам, сондай-ақ қоғамдық орындарда жүргісі жоқ тұтынушылар интернет арқылы белсенді түрде сауда жасай бастады. Осылайша электрондық сауданы пайдаланушылардың ең көп үлесі Қарағанды облысында байқалды. ТОП-3 аймақтарына Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысы да кірді.