Қазақстанның қай өңірі ЖЭК инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр?

Баламалы энергия көздерін енгізу бойынша бүгінде Ақмола облысы көш бастап тұр. Мұнда 9 жел электр станциясы жұмыс істейді. Тағы осындай алтауын Көкшетауда салу жоспарлануда. Олардың жалпы қуаты 300 мегаватттан асады. Бұл туралы жаңартылған энергия көздері қауымдастығы хабарлады. Жамбыл және Алматы облыстары да жел және күн энергиясын белсенді дамытуда. Солтүстік Қазақстан өңірінің де болашағы зор.

«Qazaq Green» мәліметі бойынша, соңғы жылдары еліміздің электр энергетикасындағы жаңа қуат көздерінің артуы жаңартылатын энергетика есебінен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда 130-дан астам баламалы қуат нысаны жұмыс істеп тұр. Ал биыл тағы  15-і енгізілмек. Айта кетейік, қазір жасыл энергетика электр энергиясының жалпы үлесінде 4% -ті құрайды. 2030 жылға қарай Қазақстан бұл көрсеткішті 15%-ке дейін ұлғайтып, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді жоспарлап отыр.