1,2 мыңнан астам қандас пен қоныс аударушы отбасы экономикалық ұтқырлық сертификаттарын алды

1,2 мыңнан астам қандас пен қоныс аударушы отбасы экономикалық ұтқырлық сертификаттарын алды

Экономикалық ұтқырлық сертификаттарын 1 мың 200 астам қандас пен қоныс аударушы отбасы алды. Бұл жүйе елде былтырдан бастап іске асырылып келеді. Мақсат - Қазақстанның жұмыс күші тапшы өңірлеріне қоныс аударуды ынталандыру. Аталған сертификат бір рет өтеусіз негізде тұрғын үй құнының 50% жабуға беріледі. Яғни, бір жанұяға 4,2 млн теңгеге дейін қайтарымсыз қаржы бөлінеді. Бұл материалдық көмек Ұлттық банк немесе Үкімет бекіткен мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының шеңберінде баспана сатып алу, салу немесе ипотекалық қарыздың бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін ұсынылады. Ол тұрғынжайды сатып алу-сату шарты болған кезде беріледі. Ал, оның құрылысы үшін меншігінде жер учаскелерінің болуы ескеріледі. Еске сала кетейік, қоныс аударушыларға экономикалық ұтқырлық сертификатынан басқа мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары ұсынылады. Мәселен көшуге, үй жалдауға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге арналған субсидиялар, қызқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдама қарастырылған.

Жеңіс Ермұқанов