Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі бойынша әлемдік рейтингте өз орнын жақсартты

Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі бойынша әлемдік рейтингте өз орнын жақсартты. Көрсеткіш бойынша еліміз 113 мемлекеттің ішінен 32-орынға тұрақтады. Global Food Security Index таратқан мәліметке сай, Қазақстан бұл тізімде Ресей, Беларусь, Әзербайжан және Өзбекстан елдерінен асып түсті. Сарапшылар жаһандық индексте осы көрсеткіштің жақсаруын үкіметтің ел азаматтарын қолжетімді әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету қамындағы қадамдарды жоспарлы түрде жүзеге асыруымен байланыстырады. БҰҰ-ның азық түлік және ауыл шаруашылық ұйымының жіктемесіне сәйкес, Қазақстан қазір Қытай, Австралия, Еуропа және Солтүстік Америка елдерімен терезесі тең азық-түлікпен қамтамасыз ету жөніндегі үшінші қолайлы мемлекеттер тобына жатады.  Еліміз өзін маңызды 10 тауарлар тобымен толықтай қамтып отыр. Бұл ұн, жарма, сүт, ет, тұз, күнбағыс майы және басқа да тағам түрлері.