Қазақстан мен Өзбекстан машина жасау саласындағы серіктестікті дамытуда

Қазақстан мен Өзбекстан машина жасау саласындағы серіктестікті дамытуда

Елордада Қазақстан-Өзбекстан Іскерлік кеңесінің IV отырысы барысында 200 млрд теңгеден астам сомаға ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойылды. Шара Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің президенттік қызметке қайта сайланғаннан кейінгі Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары барысында өткенін айта кеткен жөн. Келісім отандық жеңіл автокөліктердің шығарылатын үлгілік ассортиментін ұлғайтуды көздейді. Жобаны жүзеге асыру үшін 160 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарлануда. Сондай-ақ екіжақты уағдаластық ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді де қамтыды.

Айта кетейік, Қазақстан мен Өзбекстанның өнеркәсіптік кооперациясы Нұр-Сұлтан мен Қостанайда бірқатар табысты жобаға ие.

Авторы: Ақзер Сегізбай