Egov.kz порталына 15 млн адам тіркелген

Egov.kz порталына 15 млн адам тіркелген

Egov.kz порталының ашылғанына 20 жыл толды. Бүгінде ол мемлекет пен қоғамның сенімді цифрлық серіктесіне айналды. Электронды үкімет мемлекеттік деректер базалары мен ведомстволық ақпараттық жүйелерді біріктіреді. Сондай-ақ, мобильді қосымшасы мен биометриялық сәйкестендіру енгізілді. Жасанды интеллект шешімдері қарқынды ендіріліп жатыр.  Сонымен қатар Smart Bridge, Smart Data Ukimet және eGov Business жобалары іске қосылды. Осы уақыт ішінде порталға 15 млн астам адам тіркеліп, 500 млн астам қызмет көрсетілген. 1300-ден астам мемлекеттік қызметтің шамамен 90% онлайн қолжетімді. Бұған қоса пайдаланушылар үшін 39 цифрлық құжат ұсынылған. Электрондық үкімет халықаралық деңгейде де жоғары бағаға ие. 2024 жылы БҰҰ рейтингінде еліміз 193 мемлекеттің ішінде 24-орынға көтеріліп, онлайн қызметтер көрсеткіші бойынша әлемнің үздік ондығына енді.

Шыңғыс Оразалимов, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ақ басқарма төрағасының орынбасары:

- Порталда ең жиі пайдаланылатын қызметтердің қатарында зейнетақы аударымдары туралы анықтама, емханаға тіркелу және жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтамасы бар. Қазір біз жаңа кезең eGov 3.0-ге қадам басып отырмыз. Осы жылдың басында электрондық үкімет шлюзі іске қосылды. Бұл шешімдер ең сұранысқа ие қызметтерді алуды жеңілдетіп, мемлекеттік органдарға жеке жүгіну қажеттілігін едәуір қысқартты. Біз электрондық үкімет порталын ыңғайлы етіп, интуитивті пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа дизайн-жүйе құрдық.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?