Соңғы 4 жылда Қазақстан Қытайға газ экспортын 5 есеге арттырды. Мұның барлығы магистарльді газ құбырын қосудың арқасында болды. Егер өткен жылы біздің еліміз 7 млрд 300 млн текше метрге дейін «көгілдір» отын жеткізсе, болашақта бұл көрсеткіш 10 млрд-қа дейін артуы мүмкін. Қазақстан аспанасты елінен өзге 2020 жылы 3 мрд текше метр газ экспорттаған. Оның ең аз бөлігі Қырғызстанға жеткізілген. Жалпы табиғи газ қоры бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында үшінші орында екенін атап өткен жөн. Отынның 75% астамы Қарашығанақ, Қашаған және Теңіз жобаларымен қамтамасыз етілген. Бұл кен орындарындағы қорлар барлық барланған кен орнының 68% құрайды.