Аталған құжат заманауи сын-қатерлерді ескере
отырып
әзірленген. Негізінен экономиканың өсімі, өмір сапасының жақсаруы мен
инновациялар және инвестиция мәселелеріне басымдық берілген. Даму жоспары 4
блок және 17 бағыттан тұрады. Басты жетістіктердің бірі - еліміздің барлық
тұрғындарының негізгі инфрақұрылым мен сапалы қызметтерге қолжетімділігін
қамтамасыз ету, сондай-ақ әрбір азаматқа тең мүмкіндіктер жасау болмақ. Құжатта
көзделген бағдарларды іске асыру - Қазақстанның жан басына шаққандағы табысы
жоғары елдердің тобына кіруін қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, нысаналы индикаторларға
қол жеткізу ішкі жалпы өнім көлемін 450 млрд долларға, экономиканың нақты өсу
қарқынын 6,7 пайызға, тұрғындардың болжамды өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа көтеруге
мүмкіндік береді.