Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында бірегей құрылымның этносаралық бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі сараланып, алдағы жұмысының бағыт-бағдары айқындалды. Іс-шараға қатысушылардың ортақ пікірі Ассамблея консультативтік-кеңесші органнан парламенттік өкілдік құқығы бар іргелі конституциялық институтқа айналды дегенге саяды. Сонымен қатар, сарапшылар қоғамдық институттың қағидаттарын сақтау мен ілгерілетудің маңызына тоқталды. Бұл ретте ондағы этномәдени бірлестіктерді, ақсақалдар мен аналар кеңестерін, ғылыми-сараптамалық қызметін, этномедиация институтын және жастар қозғалысын дамыту жолдары қаралды.


Арман Қырықбаев, Президенттің Ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі:


- Елімізде дініне, тіліне, этникалық шығу тегіне байланысты кез келген кемсітушілікке жол бермейтін заң тиімді жұмыс істеп тұр. Ассамблея бұл жолда Әділетті Қазақстан, заң және тәртіп, сонымен қатар «Адал азамат» тұжырымдамасының принциптерін ілгерілететін және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының беделді мүшесі болып қала береді.


Евгений Болгерт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:


- Ассамблея консультативтік-кеңесші органнан мемлекет басшысының қолдауының арқасында Парламентте өз дауысына ие конституциялық институтқа дейін үлкен жолдан өтті. Бірегей құрылым  елде қолға алынған реформалардың жаршысына айналды.  


Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?