Қазақстан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға
қорғаныш құрылыс нысандарын салуды заңмен бекітуді жоспарлап отыр. Бұлар сел,
лай және қар көшкініне қарсы жасалатын қорғаныштар. Мұнда стратегиялық маңызы
бар су шаруашылығы объектілері де кіреді. Елде, сонымен қатар осыған дейін елді
мекен болған ұлттық парктер мен орман қорына иелік етуге де рұқсат етілмекші.
Бұл жерлерге мектеп, аурухана секілді әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым
нысандарын салуға болады. Тиісті ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен орман
шаруашылығы мәселелері жөніндегі заңды Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Сенатор
Ольга Булавкинаның айтынша, заң жобасының нормалары осындай аумақтар құрылғанға
дейінгі және оны кеңейту кезеңіндегі нысандарға ғана қолданылады. Олар елдің
орман Кодексінде бекітіледі.
Ольга Булавкина, ҚР Парламенті
Сенатының депутаты:
- «Біздің міндетіміз - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен орман қорын
пайдалану кезінде оларды дамыту және қорғау кезінде тепе-теңдікке қол жеткізу.
Заң жобасында жергілікті тұрғындардың қажеттіліктері үшін мемлекеттік табиғи
қорықтарда шөп шабу ережелерін жасақтау мен бекітуді уәкілетті органның
құзыретіне беру жөніндегі нормалар да бар».

