Самарқандтағы «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті
аясында Қасым-Жомарт Тоқаев
Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен кездесті. Тараптар ынтымақтастықты нығайту
мәселелерін
қарады. Еуропа Одағы - Қазақстанның ірі сауда
серіктесі әрі инвесторы. Елімізге шетелден тартылған инвестицияның 40 пайыздан
астамы осы
ұйымға тиесілі. Былтыр Одақ арасындағы тауар
айналым 50
миллиард долларға жуықтады. Бұл - Еуропа
Одағы мен Орталық Азия елдері арасындағы сауда-саттықтың 80 пайызы. Мемлекет басшысы
Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен де кездесті. Қасым-жомарт Тоқаев Қазақстанның Еуропамен
ынтымақтастығын одан әрі тереңдететін төрт басым бағытты атады. Бұл –
энергетика, ірі инфрақұрылым, көлік-логистика, сондай-ақ цифрлық инновация бағытындағы
серіктестік. Тараптар Қазақстан
мен Еуропалық комиссия арасында виза беру тәртібін жеңілдету жөніндегі
келісімге келу үдерісі басталғанын оң бағалады. Урсула фон дер Ляйен Қасым-Жомарт Тоқаевты елімізде сирек кездесетін
металдардың ірі кен орнының табылуымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті. Ол Президентке «жасыл экономика»
бағдарламаларын жүзеге асыру туралы айтты.
Бастамаға қаржы ұйымы
2 миллиард еуро инвестиция құюды жоспарлап отыр. Мемлекет басшысы
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев
«Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті аймақ елдерінің Еуропа Одағымен диалогын
ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді. Мемлекет басшылары екі ел ынтымақтастығы қарқынды
дамып келе жатқанын айтты.

