«Өзбекстан – Қазақстан» IV Өңіраралық форумы

«Өзбекстан – Қазақстан» IV Өңіраралық форумы

Қазақстан мен Өзбекстан жалпы құны 352 млн доллардан асатын 76 құжатқа қол қойды. Жаңа келісімдер Самарқандта өткен тараптардың IV өңіраралық ынтымақтастық форумының аясында жасалды. Бұл қатарда жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын жеделдету жөніндегі Тәжірибелік іс-шаралар жоспары бар. Онда энергетика, тау-кен және геология салаларындағы бірлескен жобалар қамтылған. Сондай-ақ, жиында инвестиция көлемі АҚШ валютасында 3,4 млрд долларды құрайтын 74 бірлескен жоба мақұлданды. Оның аясында 65 кәсіпорын Қазақстанда ашылмақ. Арадағы алыс-берістің әлеуетін арттыруда көлік-логистикалық байланысты нығайту маңызды. Қазір Өзбекстан тауар айналымының 50 %-тен астамы Қазақстан арқылы транзитпен өтеді. Әртүрлі көлік түрімен 18 бағыт бойынша жолаушылар тасымалы реттелген. Нәтижесінде биылдың 8 айында өзара сауда көлемі 2 жарым млрд долларға жетті. Қазақстан көрші ел нарығына жалпы қосылған құны жоғары өнімдердің 40 түрі бойынша 550 млн долардың экспорттық жеткізілімдерін арттыруға дайын.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Бұған, ең алдымен, мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Шавкат Миромонович Мирзиёев арасындағы сенімді саяси диалог ықпал етіп отыр. Қазіргі таңда біздің алдымызда тауар айналымын 10 млрд долларға дейін ұлғайту бойынша ауқымды міндет тұр. Бұл тұрғыда өңіраралық қарым-қатынастың рөлі ерекше.

Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?