Бүгінде орта державалар жаһандық
аренадағы жауапты ойыншы. Мұндайда Қазақстан сияқты елдер жаңа күшпен алға
шығып, өз рөлін көрсете білуі тиіс.
Бұл туралы Мемлекет басшысы халықаралық Euronews басылымында жарық көрген
мақаласында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше геосаяси турбуленттілік пен
тұрақты қақтығыстарға толы бүгінгі әлемде саяси диалог пен дипломатияға негізделген көпжақты шешімдер маңызды екеніне назар аударды. Бұл ретте Қазақстанның мәмілегер болуда бұғып
қалған кезі жоқ. Мемлекет басшысы Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт
келіссөздер жүргізу жөніндегі міндеттеме алғанымызды еске салып, «Бұл диалогты
және бейбітшілікті ілгерілетудегі орта державалардың күшіне деген сенімімізді
айғақтайды» деп атап айтты. Сонымен қатар, Президент күн тәртібіндегі тағы бір
өзекті мәселе – тұрақты дамуға тоқталды. Барлық халықаралық серіктестерді ұжымдық
іс-әрекеттерді үйлестіре отырып, көпжақтылықты
нығайтуға, жаһандық жүйені жандандыруға шақырды.