DIGITAL FINANCE DAY-де қаржыны басқарудағы сандық технологиялар таныстырылды

DIGITAL FINANCE DAY-де қаржыны басқарудағы сандық технологиялар таныстырылды

Астанадағы Digital Finance Day-де бірнеше қазақстандық цифрлық өнім таныстырылды. Атап айтқанда «Электрондық мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйесі, тауарлардың сандық каталогы, e-Qazyna платформасы, салықтық әкімшілендіру, Smart Data Finance және Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті көпшілік назарына ұсынылды. Соңғысын жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған. Әзірлеуші Қаржы министрлігі атап өткендей, бизнесмендердің  енді жұмыс істеу және есеп беру үшін қажетті логин-құпия сөздерді, түрлі сайттардан алынған деректерді есте сақтап жүруі керек емес.  Жүйелер үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді тез алуға, тауарларды өткізу тізбегін қашықтан бақылауға, сондай-ақ тәуекелдерді азайтуға және ашықтықты арттыруға мүмкіндік береді.

¤

 

Дияс Крамшеев, «Электрондық қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы:

- Пайдаланушы өзінің барлық мәліметтерін бір кабинетте қадағалай алады, атап айқанда бұл – салықтық әкімшілендіру, салық есептілігін тапсыру, мемлекеттік сатып алуларға қатысу немесе шот-фактураларды жазып беру және тағы басқа. Сондай-ақ егер ол мемлекеттік мүлікті сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алуларға қатысса ол мәлімет  те осында болады.

Әсел Күшенғалиева