Маусымда тауар экспортынан түсетін табыс 2,5 жыл ішіндегі рекордты көрсеткішке жетті. Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне қарағанда бір айда Қазақстан 5,6 млрд долларға тауар сатқан. Бұл мамырдағы көрсеткіштен 12% жоғары. Биыл алғашқы жартыжылдықта елден жалпы сомасы 27 млрд долларға тауар экспортталған. Сондай-ақ алты айда 18,3 млрд долларға өнім импортталған. Оның басым бөлігі көлік құралдары, бөлшек құрылғылар және аппараттардың үлесінде. Өндіріске қажетті химиялық заттар, азық-түлік тауарлары көбірек әкелінген. Нәтижесінде сауда балансының профициті 8 700 млн долларды құрады. Сарапшылардың пікірінше, экспорттың да, импорттың да өсіміне әлемдік нарықтың қайта қалыпқа келіп, шикізатқа сұраныстың артуы әсер етіп отыр.