Қазақстан сыртқы нарықтарға астық экспортын ұлғайтуға дайын

Қазақстан шетелге астық экспортын ұлғайтуға ниетті. Атап айтқанда, Қытайға жеткізілімдерді 3 млн тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр. Біздің еліміз негізінен Аспан асты елінің шекаралас және орталық провинцияларына бидай, ал арпа мен жемшөптік дақылдарды бүкіл ҚХР-на экспорттайды.

Айта кетейік, биылғы жылдың 9 айында республикамыз шетелге 5 млн тонна астық жөнелтті. Сонымен қатар, тартылған өнімдердің экспорты 2 млн тоннадан асты. Қазақстандық астыққа жоғары сұраныс Орталық Азияда байқалады. Импорттаушылар тізімінде екінші орында – Қытай тұр. Үшінші орынға 127 мың тонна жеткізіліммен Ауғанстан жайғасты. Ал Италия, Түркия және Ресейге 423 мың тонна жөнелтілді.

Айта кетейік, Иранға астық жеткізу қайта жанданды. Ал тартылған өнімдерге келетін болсақ, оларды өңір республикалары, Аспан асты елі мен Ауғанстан да сатып алды. Енді Қазақстан ұн жеткізуді арттыруды жоспарлап отыр.