Қазақстанда энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды
жаңғыртуға 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл туралы Премьер-Министр
Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында белгілі болды.Биыл 9
энергоблокты, жүзден астам қазандық пен турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған.
Оларға шамамен 384 млрд теңге бағыттау көзделген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда
9% артық. Қайта жаңғырту жұмыстары «Тарифті инвестицияға айырбастау»
бағдарламасы аясында жүргізілуде. Сонымен қатар, энергетикалық инфрақұрылымды
жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асырылып жатыр. Оның аясында 130 шақырым
жылу желісін және 10 мың шақырымнан астам электрмен жабдықтау жоспарланған.
Бүгінгі таңда үкімет резервінен 25 млрд теңгеден астам қаржы бөлу мақұлданды.
Олар Жетісу, Абай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарындағы нысандарды
жаңғыртуға, сондай-ақ төрт өңірдегі жылу желілерін жөндеуге бағытталды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
- Өңір әкімдіктері екі апта мерзімде барлық конкурстық
рәсімдерді өткізіп, жөндеу жұмыстарына нақты кірісуі керек. Ешқандай басы артық
бюрократия болмауы керек. Жылумен қамтамасыз ету нысандарын жөндеу жұмыстарын
тамыз айының соңынан кешіктірмей аяқтау қажет. Солтүстік, орталық және шығыс
өңірлерде барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары
15 қыркүйекке дейін, ал қалған өңірлерде 15 қазанға дейін толық әзір болуы
тиіс. Әкімдерге жылу нысандарына тұрақты негізде барып, жағдайды жеке бақылауға
алуды тапсырамын.

