Қазақстанда микроқаржы омбудсмені институты құрылды

Қазақстанда микроқаржы омбудсмені институты құрылды

Қазақстанда алғаш рет микроқаржы омбудсмені институты жұмысын бастады. Оның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтарын қорғау мен дауларды сотқа дейінгі реттеуде көмек беру. Атап айтқанда, қазақстандықтардың микрокредиттерге байланысты дауларын, оның ішінде мерзімі өткен қарыздарды реттеп, коллекторлық агенттіктермен туындаған мәселелерді қарайды. Омбудсмен – тәуелсіз арбитр. Оның көмегіне тек микроқаржы ұйымдарының клиенттері, яғни жеке тұлғалар ғана жүгіне алады. Омбудсменнің қызметі тегін. Сарапшылар тәуелсіз төрешінің жұмысы микроқарыздар нарығын құқықтық бағытта дамытуға көмектеседі деп отыр. Айта кетейік, қазір Қазақстанда банк және сақтандыру омбудсмендері жұмыс істейді.

 

Ғаділбек Әкім ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі департаментінің өкілі:

 

– Оның шешілген шешімі - ол 30 күннің ішінде шешілуі заңмен бекітілген. Микроқаржы омбудсманына нені қарастырмайды? Ол сотта қарастырылып жатқан істерді қарастырмайды. Және де жаңадан пайда болған, жаңадан ақпараттар пайда болған, дәлелденбеген істер болса оған ол араласпайды. Және де соттың шешіміне олар ешқандай араласа алмайды.

 

Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?