Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінде 28 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінде 28 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Биыл Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінде 28 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Олар мыңдаған жаңа жұмыс орынын құруға және экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді. Үкіметте тау-кен және металлургия кәсіпорындарының басшылары, бейінді қауымдастықтардың өкілдері саланы дамыту мәселелерін талқылады. Аталған отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысына Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық етті. Оның айтуынша, мемлекет шикізат саясатынан терең өңдеуге көшуге және қосылған құны жоғары өнім шығаруға баса назар аударады. Жиында салаға экология және заманауи технологияларды, соның ішінде цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізудің тың жолдары қарастырылды. Айта кетейік, 1-шілдеден бастап Қазақстанда бұл бағыттағы сатып алулардың жаңартылған мемлекеттік платформасы іске қосылды. Ол саладағы отандық өнімнің үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, елімізде толық өндірістік циклді қалыптастыратын және экологиялық талаптарды енгізетін кәсіпорындарға қолдау көрсетілетінін айта кету керек. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?