Инвестицияларға келетін болсақ, өткен жылы химия өнеркәсібіне 230 млрд теңге салынды. Сарапшылар саланың даму қарқыны жақсы екенін айтады. Өндіріс көлемі тұрақты түрде артып келеді. Осы реттегі өсім 8%-ті құрады. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Нақтыласақ, 908 млрд теңгенің өнімі шығарылды. Отандық химия өнеркәсібінің негізгі тауар түрлерінің ішінде мұнай-химиясы, тыңайтқыштар мен органикалық химиялық заттар жетекші орын алады.