Еуропа қайта құру және даму банкі Сахараның оңтүстігіне қарай орналасқан Африка елдері мен Ирак мемлекетінде банк операцияларын кеңейтуге ниетті. Еліміз аталған қаржы институтының акционері ретінде оның осы бастамасын қолдайды. Мәжіліс тиісті құжатты қабылдады. Қазақстан Кәрі құрлық банкі құрамына 1992 жылдан бері кіреді. Сол уақыттан бері қаржы ұйымы елімізде 300 астам жобаны іске асыруға 11 млрд доллар шамасында инвестиция құйды.
Мәди Такиев, ҚР Қаржы министрі:
- Африка елдерін банк операциялары қамтылған аймаққа қосу еліміз үшін млрд-тан астам халқы бар елдің ауқымды жобаларына инвестиция тартуға және байланыс орнатуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Келісімнің бірінші бабына тиісті түзетулердің енгізілуі Қазақстан Еуропа қайта құру банкімен қатар Африка мен Жерорта теңізі елдерімен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады.
Мәжіліс балық шаруашылығын дамытуға арналған заңды мақұлдады
Сондай-ақ мәжіліс «Акваөсіру туралы» заң жобасы мен оған ілеспе құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. Мақсат - балық өнімдерінің экспортын ұлғайту және импортты алмастыру. Құжат елде балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындарды кеңейту, жаңа субъектілер құру, ғылыми зерттеулер жүргізу және салаға инвесторларды тарту тетіктерін қамтиды.
Жеңіс Ермұқанов.