Қазақстан
бірінші жартыжылдықта 146 мың тоннадан астам күнбағыс майын экспорттады. Бұл
2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ке көп, деп хабарлады Ауыл
шаруашылығы министрлігі. Ведомствоның мәліметінше, өткен жылы еліміз сыртқы
нарыққа 230 мың тонна өнім саудалаған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда екі есе
дерлік көп. Сонымен қатар елімізде тазартылған май өндірісін арттыру
жоспарлануда. Осы мақсатта бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп
отыр. Осылайша, 2025 жылдың соңы мен 2026
жылдың басына қарай май рафинадтау қуаттылығы шамамен 600 мың тоннаны құрамақ.
Сондай-ақ, экспорттан түсетін қаражат көлемін арттыру да жоспарда бар. Тауар
өндірушілер 520 миллион доллар табыс көрсе, экспортта бұл көрсеткіш 600 миллион
доллардан асуы мүмкін.