Көкжиегі кең байсалды сыртқы саясат. Қазақстанның дипломатиялық қызметіне 30 жыл. Осы уақыт ішінде өзгегелер бізді достық қарым-қатынасты бағалай білетін беделді, белсенді, жауапты әрі сенімді серіктес ел ретінде таныды. Жаһандық ынтымақтастық жүйесінде алыс-беріс, барыс-келіс жолға қойылған. Нәтижесінде Қазақстан бүгінде әлемнің 186 елімен дипломатиялық байланыс орнатып, 50-ден астам халықаралық ұйымның толыққанды мүшесі атанып отыр. Халықаралық аренада ұлттық мүде мен ел игілігін барынша қорғап жүрген маңызды қызметтің жетістіктері елордада өткен жиында сараланды. Онда Қазақстанда ресми тіркелген шетелдік өкілдіктер мен миссиялардың басшылары, бірқатар ведомство өкілдері мен халықаралық сарапшылар бас қосты. Отандық дипломатияның қалыптасуына сүбелі үлес қосқан азаматтар шараның құрметті қонақтары болды.
Төлеутай Сүлейменов, ҚР тұңғыш сыртқы істер министрі:
Аударма. 30 жыл - бұл тарихи тұрғыдан тым қысқа мерзім болғанымен , Қазақстан Республикасы осы уақыт ішінде ғасырға татылық біршама үлкен істерді тындырып үлгерді. Халықаралық қатынаста толағай табысқа жеттік. Біздің сыртқы істер ведомствасының, елшіліктердің қызметі біріздендіріліп, қуатты жүйеге айналды. Қазір біздің дипломаттарымыз 60 елде жұмыс істейді. Қазақстан БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Еліміз көптеген халықаралық іс- шаралардың орталығына айналды.
Тақырыптық көрмеде ұсынылған мына экспонаттар Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің маңызды оқиғалары туралы сыр шертеді. Бұл мұрағаттық құжаттар мен фотосуреттер, сондай-ақ еліміздің басшылығына әр жылдары берілген құнды дипломатиялық сыйлықтар. Олардың қатарында жақын және алыс шет мемлекеттер делегацияларынан күміс, алтын, ағаш және фарфордан жасалған кітаптар, кәдесыйлар мен басқа да сәндік бұйымдар бар.
Динара Жайсенбаева, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының аға сарапшысы:
Дипломатиялық сыйлықтардың құндылығына келсек,бұл тұтас ғылым деуге болады. Президенттер сыйластықтарын құнды тарту жасау арқылы білдіреді. Яғни, оның басқаратын елі мен халқына деген құрметтің белгісі. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатымен бірлесіп ұйымдастырылған көрме әлі екі-үш ай бойы жалғасатын болады. Келем ддеушілерге есігіміз ашық.