Түрікменстан қалаларындағы жылжымалы нарықтар жаңа жылға тауарлар ұсынады

Түрікменстан қалаларындағы жылжымалы нарықтар жаңа жылға тауарлар ұсынады

Жаңа жыл қарсаңында Түрікменстанда жылжымалы мерекелік жәрмеңкелер басталды. Аталған елде 850-ден астам сауда орны ұйымдастырылды. Мұнда кез-келген адам мерекелерге арналған түрлі тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады. Жәрмеңкеге келушілер арасында сұранысқа ие тауардың бірі – шырша да осы жерде. Қысқы мерекенің басты нышанының биіктігі жарты метрден екі метрге дейін жетеді. Сондай-ақ, дәстүрлі жасыл желектің ерекше ақ түсі де ұсынылған. Бұдан бөлек жарық шамдар мен үйге арналған мерекелік әшекейлер және тәттілер де саудаланды.  

Давран Ягмыров, сатушы:  

- Жыл сайын бұл базарларда жаңа жергілікті өнімдер саудаға шығарылады. Балаларға баразарлық ретінде түрлі орамада шоколадтарды да кезіктіруге болады. Жарық шамдар мен шар тәріздес ойыншықтар және үйге арналған әшекейлер ерекше сұранысқа ие. Мұнда әр тұрғын үйлерінде жаңа жылдық атмосфераны орнату үшін мерекеге қажеттінің бәрін табады.  

Тавус Бекииева, Ашхабад қаласының тұрғыны: 

- Жаңа жылда сыйлықтар беру дәстүрге айналды. Мен мұнда  туыстарым мен жақындарыма базарлық сатып алу үшін келдім. Биыл мұнда тоқыма бұйымдары да қойылған. 

Авторы: Әсел Күшенғалиева 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?