Қазақстан – тиімді капитал салымдары үшін жаңа мүмкіндіктер елі. Соңғы 5 жылда отандық экономикаға шетелден келген тікелей инвестициялар 33% өсті. Бұл – 41 млрд доллардан асатын қаражат.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолайлы ахуал және инвесторлардың құқығын қорғау үшін жүйелі жұмыс жүргізілген.
Қазақстанға ең көп қаражат бағыттаған мемлекет – Нидерланды. Инвестициялар көлемі 62 млрд доллардан асады. Екінші орында – АҚШ. Америкалық іскерлер отандық экономикаға 38 млрд доллар инвестициялаған. Одан кейін 13 млрд доллардан аса көрсеткішпен Франция, ал төртінші орында – Бермуд аралдары, бесінші орында Қытай келеді.
Авторы: Ақзер Сегізбай