Қазақстан Еуро Одақ елдеріне төл өнімін сату көлемін ұлғайтуда. Мәселен, осы жылдың екі айында кәрі құрлық елдеріне отандық экспорт көлемі 84,5%-ке артып, 5,2 миллиард долларды құрады. Еуроодақ нарығына жеткізілетін негізгі тауарлардың қатарында мұнай, газ және мұнай өнімдері, ферроқорытпалар, алюминий және бидай бар.
Айта кетейік, астық экспорты осы жылдың екі айында бірден 13 есеге өсті. Аталған дәнді дақыл егістігі шамамен 13 миллион гектарды құрады. Бұл 2020 жылдан 6,2% көп. Биылдың қаңтар айының өзінде ғана Қазақстан сыртқы нарықтарға 600 мың тоннаға жуық бидай мен бидай қосындысын жеткізді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 45 процентке көп. Ақшалай мәнде өсім бірден 87% құрап, 177 миллион долларға жетті.
«Ағымдағы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша бидай мен меслиннің экспорттық жеткізілімінің бағасы бір жылда 19% өсті. Атап айтқанда, экспорттық тасымал құны ТМД елдеріне 21,8%, әлемнің басқа елдеріне 10,8% өсті»,- дейді сарапшыдейді, сарапшы
Импортқа келер болсақ, бұл салада Ресейдің енгізген дәнді дақылдарды экспорттауға уақытша тыйымы кесірінен жалпы көлемнің қысқаруын күтуге болады. Тиісінше, нарыққа ресейлік астық ағыны төмендеуі мүмкін.
«Наурыздың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің бидай құнын күрт өсіруі байқалған жоқ. Өткен айда 1,5% қымбаттады. Алайда, бір жыл ішінде бұл көрсеткіш айтарлықтай 20,1% өсті. Жалпы дәнді дақылдар бойынша бағаның өсу 18,1%, ал жалпы ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша тек 17% құрады. Болашақта ауыл шаруашылығы өндірушілерінің бағасымен не болады және бұл қазақстандықтар үшін бөлшек бағаларға қалай әсер ететінін айту қиын, бірақ болжам оптимистік емес»,– делінген зертеуде.