Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Каспий теңізі түбімен энергетикалық жүйелерін біріктіруге ниетті

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Каспий теңізі түбімен  энергетикалық жүйелерін біріктіруге ниетті

Қазақстан Әзербайжан және Өзбекстанмен бірге Еуропаға «жасыл» энергия сатпақ ниетте. Ол үшін елдер Каспий теңізінің түбімен жоғары вольтты кабель төсеуді көздеп отыр. Ташкентте тараптар республикалардың энергетикалық жүйелерін өзара біріктіру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға  қол қойды. Салалық министрліктің мәлімдеуінше, бұл құжат ортақ желі тарту жобасын жүзеге асырудың бар мүмкіндіктерін зерттеп, серіктестіктің негізгі шарттарын айқындайтын болады. Ведомствоның хабарлауынша, бүгінгі таңда тараптармен осы бастаманы жандандырудың базалық тәсілдері талқыланып, өзара құпталған.