2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны 18%-ға жуықтап, 22 млрд доллардан асты. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі өткен жылғы тоқсандық көрсеткіштер 2021 жылғы тұтас нәтижемен теңескенін айтты. Министрлік көрсеткіштердің өсімі экономиканың бірнеше саласында бірден байқалып отырғанына мән берген. Атап айтқанда, инвестициялар ағынының ең үлкен өсімі өңдеу өнеркәсібінде. Салаға барлығы 4,9 млрд доллар бағытталды. Өсім 37% жуықтайды. Көтерме және бөлшек саудада өсім 32,6% құрады және 4 миллиард доллардан жоғары қаржы бағытталды. Көлік пен логистикада 20, ал тау-кен өнеркәсібінде: 12 %-ке жуық өсім тіркелген.
Айта кетейік, Қазақстанға ең көп инвестициялар салған елдер тізіміне Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Бельгия, Ресей, сондай-ақ Оңтүстік Корея, Қытай және Франция кірді.