Алматыда Орталық Азия мен АҚШ елдерінің форумы қорытындыланды

Алматыда Орталық Азия мен АҚШ елдерінің форумы қорытындыланды

Орталық Азия мен АҚШ елдерінің екі күндік «B5+1» форумында мемлекеттік - жекеменшік диалогты кеңейту және өңірлік бизнес ортаны жақсарту бойынша жалпы жоспар талқыланды. 


Кездесу – аймақ елдері мен Америка Құрама штаттарының бизнес-қоғамдастықтарын біріктіру мақсатындағы серіктестіктің жаңа форматы. Спикерлер атап өткендей, өңір экономикасына электронды коммерция, агробизнес, туризм, көлік және логистика сияқты өсу нүктелері оң әсер етеді. Ал Орталық Азияда ортақ нарықты құру және іскерлік байланыстарды нығайту халықаралық инвестицияларды көбірек тартуға, жаһандық нарықтарға қолжетімділікті қоса алғанда, сауда көкжиегін кеңейтуге, Шығыс-Батыс сауда дәліздерін әртараптандыруға мүмкіндік береді. Орталық Азияда көлік инфрақұрылымын дамытуға баса назар аудару шығыстарды төмендетудің және тиісінше өңірдің әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың айқындаушы факторы болмақ. 

Бизнес-форумда Орталық Азиядағы климат, энергетика және су сын-қатерлері мәселесі де қозғалды. 

 

Тимур Жақсылықов, ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі: 


Бұл алаң - өңірлік экономикалық интеграция мәселелері бойынша пікір алмасуды қамтамасыз етуде өте маңызды. Бізде Орталық Азия елдерінің бес мемлекеті елдердің алдында тұрған тәуекелдер мен сын-қатерлер және оларды еңсеру жолдары талқыланатын  мемлекеттік сектор, квазимемлекеттік сектор, үкіметтік ұйымдар, Бизнес-қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен жиналатын алаңдар көп емес.