Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ұсынысын Астана қаласы мәслихатының депутаттары қолдады. Халықаралық бірлестіктің атауы Әлихан Бөкейханов даңғылында орналасқан аллеяға берілмек. Министрлік бұл бастаманы 2023 жылдың наурыз айында Бас хатшы Антониу Гутерриштің Қазақстанға келуімен байланыстырып отырғанын түсіндірді. Осы маңызды сапар ескеріле отырып, алаң ашу ұсынылды.