Қазақстан 66 мемлекетке агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін экспорттайды

Қазақстан 66 мемлекетке агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін экспорттайды

Қазақстан соңғы бес жылда шетелге 5 миллиард доллардан астам сомаға агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін экспорттады. Еліміз өзге нарыққа бидай, меслин, арпа, сиыр еті, қой еті, мұздатылған балық, ұн, күнбағыс майы және мақта талшығын жеткізеді. Негізгі сатып алушылардың қатарында Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері, Иран, Түркия, Қытай және Еуропалық Одақ мемлекеттері бар. Атап айтқанда, өткен жылы астық экспортының жалпы көлемі 8 миллион тоннадан асты. 2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың наурызына дейін Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай, Ауғанстан, Иран, Әзербайжан және Еуропа елдеріне жаңа өнімнің 6 миллион тоннадан астамы жөнелтілді. Сонымен қатар, қайта өңделген өнімдердің экспорты да артты. Оның көлемі шамамен 3 миллиард долларды құрайды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?