Қазақстанда ғылымды дамытуға жұмсаған инвесторларға салықтық жеңілдіктер қарастырлуы мүмкін

Қазақстанда ғылымды дамытуға жұмсаған инвесторларға салықтық жеңілдіктер қарастырлуы мүмкін

Қазақстанда өз қаражатын ғылымды дамытуға жұмсайтын инвесторларға 150% салықтық жеңілдік қарастырылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Нақты тетік ғылым және технологиялық саясат туралы заңда көзделетін болады. Құжат қыркүйек-қазан айларында ұсынылмақ. Парламентте талқыланғаннан кейін, 2024 жылдың бірінші жартысында қабылданады деп жоспарлануда. Айта кетейік, алдағы үш жылда мемлекет қазақстандық ғылымды 650 млрд теңгеге қаржыландырады, Оның ішінде 9 миллиард теңгеге жуық қаражат іргелі зерттеулерді қаржыландыруға жұмсалмақ. Ол зерттеулерді 11 ғылыми-зерттеу институты әзірлейді. Қазақстанда 2027-2028 жылдары ғылымды қаржыландыру көлемін ЖІӨ-ге шаққанда 1%-ке жеткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, биыл ол 0,25% құрайды.