2025 жылға қарай Қазақстанда 125 туристік жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олардың жалпы сомасы - шамамен 500 миллиард теңге шақ келеді. Бұл туралы бейінді ведомство хабарлады. Әсіресе, жылы жағажайы бар туристік орталық құрылысы мен Медеу қонақ үйін қайта жаңарту туралы атап өту керек. қолға алынған шаралар елімізге туристер ағынын арттыра түсуге бағытталған. Жоспарда бір жылдан кейін саяхатшылар санын 12 миллионға дейін жеткізу мақсаты қойылған. Оның 2,5 шетелдік қонақтарды құрайды.
Ержан Еркінбаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі:
- Біріншіден, біз 80 елмен ашық аспан режимін орнаттық. Қытаймен де екіжақты тәртіпте визасыз режим ашылды. Үндістан, Иран және басқа да дамыған 80 елді халқы рұқсат қағасынсыз келе алады. 30 мемлекетпен тікелей әуе қатынасы бар. Бұл 120 бағыт. Аптасына 600-ден астам рейс орындалуда.
Жалпы 2024 жылы елімізде агрошаруашылық, экологиялық және медициналық туризмді дамытуға баса назар аударуға ниетті. Сарапшылардың айтуынша, саланың бұл бағыттарының әлеуеті зор. Мемлекет өз бизнесін дөңгелеткісі келетін кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетуге дайын.
Ержан Еркінбаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі:
- Жаңа шаралардың бірі - жеңілдікті қаржыландыру мерзімін ұзарту, бұл әкімдіктерге жаңа өкілеттіктер беру, бұл арқылы инженерлік инфрақұрылым құра алады, - шаруаларға өз учаскелерінде туризмді дамытуға рұқсат береді.
Туризм министрлігінің мәліметінше, өткен жылдың 9 айында Қазақстанның туристік орындарына 6 миллионға жуық адам келген. Олардың миллионға жуығын шетелдік саяхатшыларды құрады.