Сенат қазақ-қырғыз одақтастығын тереңдететін заңды мақұлдады

Сенат қазақ-қырғыз одақтастығын тереңдететін заңды мақұлдады

Қазақстан мен Қырғызстанның ынтымақтастық аясы кеңейе түседі. Сенат қос елдің одақтастық қатынастарын одан әрі тереңдетуді көздейтін шартты ратификациялау туралы Заңды мақұлдады. Құжат барлық бағытты қамтиды. Қазір Қазақстан Қырғызстанның үш ірі сауда серіктесінің қатарында. Арадағы сауда-саттық бір жарым млрд доллардан асты. Жоғары деңгейдегі уағдаластықтар аясында бұл көрсеткішті 3 млрд долларға жеткізу көзделген. Отандық кәсіпкерлер Қырғыз экономикасына 1,3 млрд доллардан астам инвестиция салды. Жаңа шартта энергетика, көлік және логистикалық салада ортақ жобаларды іске асыру әлеуеті нақты белгіленген. Сонымен қатар, Парламентаралық Кеңес шеңберінде екі жақты әріптестікті нығайту қарастырылған. Тарихи тамыры ортақ бауырлас халықтардың мәдени байланысын үндестіретін игі шаралар да назарда. Мәселен, биыл қазақ-қырғыз киносының көрсетілімдері мен жастар форумын өткізу жоспарланып отыр. 

Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- 22 баптан тұратын, көршілес елдер арасындағы барлық бағыттағы одақтастықты жан-жақты тереңдетуді көздейтін Шарт өңірдегі саяси диалогты, экономикалық-әлеуметтік, гуманитарлық байланыстарды және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылды дамыту арқылы көршілес екі елдің мызғымас одақтастығына берік негіз болады деген ойдамыз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?