Қазақстанда венчурлік инвестициялар қорын құру жоспарланған. Оны «Астана Халықаралық қаржы орталығы» юрисдикциясында Astana Hub базасында іске қосу көзделіп отыр. Оның нысаналы көлемі 1 млрд долларды құрамақ. Аталған қор өңірден таланттар мен стартаптар және шетелдік қапитал тартудағы негізгі əріптеске және Қазақстанға жоғары технологиялар трансфері үшін аса тиімді құралға айналады деп күтілуде. Отандық IT қызметтер экспортының әлеуеті ел Үкіметінде қаралды. Салалық министрліктің дерегінше, былтыр 9 айдың қорытындысы бойынша оның көлемі 26% өсіп, жыл соңына қарай шамамен 700 млн долларға жетпек. Жалпы соңғы 5 жылда қазақстандық IT-қызметер экспортының көлемі 20 есеге артты. Мақсат – көрсеткішті 2026-шы жылы АҚШ валютасында 1 млрд-қа дейін жеткізу. Бұған қоса еліміз IT хабтардың халықаралық желісін құруда. Олар АҚШ, Сауд Арабиясы, Сингапур жəне Ұлыбританияда ашылды. Республикада салаға қажетті мамандар даярлануда. Арнайы білім беру бағдарламалары іске қосылды. Елге ірі халықаралық айти-экспорттаушылар көшірілуде. Бейінді ведомствоның мәліметінше, осындай 10 үздік компания бар.
Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Негізгі бөлігі – Қазақстанға көшу туралы шешім қабылдаған шетелдік компаниялар. 2 Нəтижесінде еліміз тек ірі қалаларда ғана емес, елдің аймақтарында да жаңа жұмыс орындарын алуда. Сондай-ақ, экспорттық кіріс түрінде жаңа капитал ағынын алады. «Цифрлық көшпенділер» деп аталатын шетелдік IT-мамандарды тарту үшін жаңа Digital Nomad Visa жəне Digital Nomad Residency бағдарламалары іске қосылды.
IT-қызметтер мен өнімдердің шетел нарықтарына шығуына, және оларды сату көлемін арттыру үшін нақты қадамдар қажет. Бұл мақсатта ел өңірлерінде акселерациялық бағдарламаларды дамыту, әріптес-инвесторлардың аясын кеңейту, сондай-ақ экспортқа бағдарланған айти-компанияларды мемлекеттік қолдауға арналған шараларды қолға алу керек. Премьер-Министр осы бағытқа серпін беруді жөн санайды. Бұл ретте венчурлік қорлар мен өңірлік IT-хабтар саланың қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Олжас Бектенов елордалық Astana Hub технопаркінің қызметіне жеке тоқталып өтті.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
- Онда 1,5
мыңнан астам компания табысты жұмыс істеп жатыр. Astana Hub қатысушыларына
салық және визалық жеңілдіктер берілген, ақпараттық-білім берумен қолдау және
бизнесті дамытуға арналған бағдарламалар ұйымдастырылған. Бұл жұмысты
жалғастыру керек. Өңірлерде технологиялық кәсіпкерлікті дәріптеу жұмыстарын
күшейтіп, өңірлік IT-хабтар базасында мамандардың құзыреттерін арттыру үшін
жағдай жасау қажет.
Авторы: Жеңіс
Ермұқанов

