3 мыңға жуық қазақстандық ауылшаруашылық кәсіпорны өз тауарларын шетелге саудалауда. Қазіргі таңда отандық тауарлар Еуразиялық бірыңғай экономикалық кеңістіктегі және Еуропалық Одақ елдері, Қытай, Корея, Өзбекстан, БАӘ, Жапония, Түркия және Сауд Арабиясы нарықтарына шыққан. Енді сенімді жеткізушілер тізіліміне бірнеше омарта шаруашылығы алғаш рет қосылып отыр.
Айдана Қозыбаева, ҚР ДСМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің баспасөз хатшысы:
- Агроөнеркәсіптік кешеннің 2 975 кәсіпорны мал шаруашылығы өнімдерін өндіреді. Яғни ет, сүт, балық өнімдері, жем-шөп және жем-шөп қоспалары, бал арасын өсіру, ветеринарлық препараттар, сонымен қатар мал шаруашылығының шикізат өнімдері. Жыл басынан бері біз Сауд Арабиясына бал экспорттау бойынша 10 қазақстандық кәсіпорынды тізімге енгіздік.
Бүгінгі таңда Қазақстан сапалы әрі экологиялық таза өнімдерді экспорттауға басымдық береді. Жүздеген қазақстандық кәсіпорын төл өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша халықаралық аренада оң бағаға ие болды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Айдана Қозыбаева, ҚР ДСМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің баспасөз хатшысы:
- Сонымен қатар 4 кәсіпорын Қытай құрамына кіреді. Атап айтсақ, сүт өнімдерін шығаратын үш және балық өнімдерін шығаратын бір кәсіпорын. Кореяға экспортталатын төрт бірдей тері кәсіпорны да тізімге енгізілген. БАӘ-ге жіберілетін 6 қазақстандық ет өңдеу кәсіпорны да бұл қатарда бар.
Биыл Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізген көптеген жұмыстың арқасында өнім түрлерін едәуір кеңейтуге және Еуроодақ, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен Түркия нарықтарына шығуға мүмкіндік берді. Пандемияға қарамастан, отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін бүкіл әлемде сәтті саудалап отыр.
Авторы: Әсел Күшенғалиева