2029 жылға қарай Қазақстан экономикасына 150 млрд доллар
инвестиция тарту жоспарлануда. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман
Скляр еліміздің бұл міндетті орындай алатынына сенімді. Ол көптеген сарапшылар
республикада ең жақсы инвестициялық климат қалыптасқан және үкімет отандық,
сондай-ақ шетелдік компаниялар үшін қолайлы жағдай жасайды деп санайтынын атап
өтті. Оның үстіне елімізде қазір инвестициялық штаб жұмыс істейді. Ол 100 млрд
доллардан астам соманы құрайтын 180 жобаны қарап үлгерді.
Роман Скляр, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары:
- Жобалар бойынша нақты шешімдер қабылдаймыз,
мемлекеттік органдардың орындауы үшін өте қысқа мерзім береміз және белгілі бір
нәтижелер көрсеттік. Оған қоса, бұл, әрине, толық дебюрократизация.
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша біз енді стандартты параметрлер бойынша
инвестициялар туралы келісімдерге қол қоюға екі аптадан аспайтын мерзім бөліп
отырмыз. Бұған дейін ол шамамен алты айдан 12 айға дейін созылатын. Сондай-ақ,
инвестициялық штаб нақты жағдайларды қарастыра отырып, мемлекеттік органдарға инвестор
жұмысына кедергі келтіретін әкімшілік және өзге де кедергілерді жою бойынша
заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді және тапсырмалар
береді. Әрине, СІМ, инвестиция комитеті де белсенді жұмыс жүргізуде, ал «жасыл»
дәліз - әрбір инвестициялық жобаны қарап, ондағы кедергілерді жоятын ақпараттық
жүйе. Осының бәрі инвестициялардың санын да, олардың сапасын да ұлғайтуға алып
келеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі биыл елге шамамен 25 млрд доллар шетелдік инвестиция тарту жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын.

